Жарғы

«№152 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі  
2010 жыл   

1. Жалпы  ережелер

1.1. «№152 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, орта білім және мектепке дейінгі дайындау функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған, мекеменің ұйымдастырушылық  - құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2. Мемлекеттік мекемені құру шешім қабылдайтын мемлекет тұрғысында Қызылорда облысы, Шиелі аудандық әкімияты мемлекеттік мекеме құрылтайшысы болып табылады.

 Шиелі аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме мемлекеттік басқару органы, сондай – ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

 1.3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы.

 Мемлекеттік тілде: «152 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік тілдегі қысқа атауы: «№152 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» ММ

 Орыс тілінде: Государственное учреждение « Общеобразовательная казахская средняя школа №152»

 Орыс тіліндегі қысқа атауы: ГУ «Общеобразовательная казахская средняя школа №152»

 1.4. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 120705. Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы, Бабабек көшесі №23 үй

2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның

құқығына ие болады.

 2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.

 2.3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құрау, сондай – ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

 2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің  билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша құрылтайшысы жауаптылықта болады.

 2.5. Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық – құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейтін тәртіппен  тіркеуге жатады.

 Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.

                     3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері

3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан мектепке дейінгі , бастауыш, негізгі (орта) сатылардан тұратын  жалпы орта білім беру болып табылады.

 3.2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін:

 Мемлекеттік стандарт бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін бекітілетін жалпы білім беруді қамтамассыз ету:

 • қосымша курстармен диетцитлиналарды оқыту:

 • түлектерді мамандыққа ойламмен өзі таңдауға. ЖОО – да өз бетімен шығармашылықпен оқуға дайындау:

 •  жан – жақты ой деңгейі зерттеу жұмыстарын жүргізу машықтары, жоғары деңгейлі мәдениеті бар, саналы таңдауға және кәсіптік білім бағдарламаларын игеруге дайын тұлғаны қалыптастыру:

 • жекелеген санаттары үшін психологиялық, педагогикалық  және медициналық консультациялардың ұсыныстарын беру:

 • тұлғаны толыққанды дамуы үшін оқушының жанұясымен бірлесе жұмыс істеу:

 • мектепке дейінгі балаларды салауатты - өмір салтын  ұстау бағытында денсаулығына және қауіпсіздігіне аса көңіл бөлу:

 • мектепке дейінгі шағын орталық міндеттері әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақыл – ой, адамгершілік, дене, бітім, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту:

 • тәрбиеленушілердің  ата- аналарымен тығыз байланысты жасау:

 3.3.  Мектептің және мектепке дейінгі шағын орталықтың негізгі қызметтері:

- Оқу, тәрбие және оқушының даму қабілеті:

- Оқушының білім деңгейін анықтау және қабілетін зерттеу:

- Ата- аналар арасында  педагогика, жалпылама және жас ерекшелігіне байланысты

    психология,    жанұя және білім беру психологиясы жайлы қосымша оқулықтар     

    өткізу:

            - жастардың бос уақытында мәдени бұқаралық іс өткізу:

            - ғылыми практикалық конференцияларды және семинарларды ұйымдастыру  және  

                өткізу:

            - ырғақ  - би, компьютерлік оқу және т.б оқулар ұйымдастыруға болады:

3.4. Мектеп және мектепке дейінгі шағын орталық жұмысының мақсаттары:

- Оқушыларға оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандарттарға сәйкес игеру:

            - Мектепке дейінгі балалардың жеке және интелектуалды дамуын қанағаттандыру:

              мақсатында адамгершілік және ұлттық құндылықтарға көңіл бөлуін мақсат тұту:

- Мектепке дейінгі, бастауыш , орта және жоғарғы білімнің байланыстылығын  

   қамтамасыз ету:

 3.5. Ақылы қосымша білім беру.

             Мектеп қосымша және негізгі жалпы білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды және ақылы қосымша қызмет көрсетеді. Ақылы қосымша қызмет бюджеттен қаржыландырылатын бағдарлама аясында немесе олардың орнына өткізілмеуі тиіс.

  Ақылы қосымша қызмет тәртібі мен шарттары  заң негізінде Директор бекітетін ақылы қосымша  қызмет көрсету туралы ережемен белгіленеді.

            Ақылы қосымша қызмет көрсетуден  түскен қаржы білім беру үрдісіне реинвестицияланады, оның ішінде оқу жабдығын алуға мектеп қызметкерлерінің  материалды көмек көрсетуге жұмсалады.

Мектепке дейінгі ұйым тиісті білім беру лицензиясы  болған жағдайда  ақылы қосымша білім беру қызметін көрсетуге құқылы.

            Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

                                                   4. Мемлекеттік мекемені басқару

 4.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2.   Уәкілетті  орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады.

4.2.1. Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.

4.2.2. Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді.

4.2.3. Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

4.2.4. Мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4.2.5. Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.

4.2.6. Мемлекттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.

4.2.7. Мемлекттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.

4.2.8. Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы  бойынша оның орынбасарын  (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.2.9. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.

4.2.10. Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4.3.  Мемлекеттік мекемнің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.4. Мемлекеттік мекеменің басшысы  мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған  басшылық жасайды, уәкілетті  органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.

4.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

4.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

 4.6.1.Мемлекеттік мекеменің атынан  сенімхатсыз іс - әрекет етеді.

4.6.2. Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.

4.6.3. Заңдарға белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.

4.6.4. Шарттар жасасады.

4.6.5. Сенімхаттар береді.

4.6.6. Мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді.

4.6.7. Банктік шоттар ашады.

4.6.8. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

4.6.9. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан  басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

4.6.10. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.

4.6.11. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің  міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.

4.6.12. Өзіне заңдарда осы Жарғыда жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Мектепті және мектепке дейінгі шағын орталықты басқару.

5.1. Мектепті басқару демократия жариялылық және өзін - өзі басқару принциптері негізінде жүзеге асырылады. Мектеп ұжымы өз міндеттерін ата – аналармен (заңды  өкілдермен) бірлесе шешеді.

5.2. Жалпы  басқаруды мектеп кеңесі жүргізеді.

5.3. Мектеп кеңесі мектеппен бірлесе жұмыс істеуге және оның дамуына мүдделі, ата- аналар, оқушылар мен мектеп қызметкерлері  қоғамдық ұйымдар өкілдерінен  құрылады. Кеңес құрамына мектеп директоры кіреді.

5.4. Кеңес төрағасының шешімімен тоқсанына бір реттен кем шақырылмауы тиіс.Кезектен тыс отырыс кеңес мөлшерлерінің 1/3 талабы бойынша немесе төрағаның шешімі бойынша шақырылады.

5.5. Кеңес отырысы кезінде төраға тағайындаған хатшы хаттама жүргізіп отырады.

5.6. Мектеп кеңесінің құзіреті.

Кеңес:

- Әкімшіліктің педагогикалық  қызметкерлердің қызмет бағыттары  бойынша есебін тыңдайды:

- Қосымша ақылы білім беру қызметінің тізбесі мен тәртібін анықтайды:

5.6.1. Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде қабылданған. Кеңес шешімі мектеп ұжымының барлық мүшелері, ата – аналар мен оқушылыр үшін міндетті.

5.6.2. Мектепті тікелей басқару құрылтайшы тағайындаған директормен жүргізіледі.

5.6.3. Директор, ата – аналар, мемлекет, қоғам және өкілетті орган алдында біліктілік талаптарымен еңбек шартымен (контракт) және осы Жарғымен белгіленген функционалды міндеттеріне сай өз қызметі үшін жауап береді.

5.7. Директор құзыреті
      -     Мектептің оқу және шаруашылық қызметін ұйымдастырады;

-         Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жауапты болады;

-         Сенімхатсыз мектепті өкілеттейді және мектеп атынан жүргізеді, мекемелермен, ұйымдармен, жеке тұлғалармен келісім-шарт жасасады;

-         Мектептің мүлік және ақшалай қаржысын бір тұтас таратушы болып табылады, банкілерде есеп және басқа шоттар ашады, бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады, сенімхаттар береді;

-         Мектеп атынан мүлікті иемдену, пайдалану және тарату құқын жүзеге асыруға бағытталған қимылдарды іске асырады;

-         Еңбек ақысының түрі мен жүйесі мұғалімдердің педагогикалық жүктемесін анықтайды;

-         Мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және шығарады;

-         Мектеп кадрларының орналастырылуын жүзеге асырады, қызметкерлерінің штат кестесімен лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

-         Заңға қайшы келген жағдайда Мектеп Кеңесінің шешімдерін тоқтатады;

-         өз құзіретінің шегіндегі басқа да қызметті жүргізеді;

-         өз құзіреті шегінде локалды актілер шығарады;

-         санитарлық-гигиеналық нормалары және мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талабына сәйкес келетін мектепке дейінгі шағын орталықтарда тиімді жағдай жасайды.

5.8. Мектеп қызметін әдістемелік басқарудың құрамына мектеп мұғалімдері, директоры мен оның орынбасарлары кіретін педагогикалық кеңес жүзеге асырады.

5.9. Педагогикалық кеңестің құзыретіне: Оқу жоспарларымен бағдарламаларын бекіту: Педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын айқындау: Жекелеген оқу жоспарларын бекіту: Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру: Оқушылардың үлігірімі, тәртібі мен аттестациясы мәселелерін талқылау: Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге, олардың шығармашылық инициативасын дамытуға, озат тәжірибені таратуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, педагогикалық және басқа қызметкерлерді әртүрлі ынталандыру ұсыну жатады.

5.10. Мектепке жылда директордың бұйрығымен мектептің беделді оқытушыларды есебінен педагогикалық қызметкерлерді кәсіби қызметпен ескере отырып, аттестациялау туралы Ереже негізінде аттестация жүргізетін аттестациялық комиссия құрылады.

6. Мектеп және мектепке дейінгі шағын орталық комплектілеу тәртібі

     6.1. Оқушыларды қабылдау тәртібі:

Жалпы білім алуға құқылы барлық азаматтарды мектептің шағын орталығына, бастауыш және жалпы негізгі сатыларына қабылдауды қамтамасыз ету тәртібін өкілетті орган белгілейді. Мектепке қабылдау он жеті жаспен шектеледі.

            Мектепке қабылдау ата-аналардың (заңды өкілдердің) жеке арызы бекітілген үлгідегі медициналық және оқушының үлгірімін растайтын құжаттар мен туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде директордың бұйрығымен жүзеге асырылады.

            Мектеп оқуға түсуші және оның ата-анасын (заңды өкілдерін) Ереже мен жалпы білім беру үрдісінің ұйымдастырылуын регламенттейтін баспа құжаттармен таныстырады.

            Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін өтініштерді есепке алу тәртібін, жолдамаларды рәсімдеу мен беруді құрылтайшы анықтайды.

            Мектепке дейінгі шағын орталықтардың топтары жинақталуына қарай оқу жылының ішінде ашылады.

      6.2. Мектеп және мектепке дейінгі шағын орталықтан оқушыларды шығару тәртібі:

      6.3. Оқушыны мектептен шығару төмендегідей негізде директордың бұйрығымен рәсімделеді:

-   білім алушы он бес жасқа толған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) мен аудандық білім  беру бөлімінің өзара келісімі бойынша:

-         ата-аналар (заңды өкілдер) қалауы бойынша басқа білім орнында немесе оқытудың басқа түрі  бойынша білімін жалғастыруы үшін:

 - құқықтық бұзушылықтары Жарғыны дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін он төрт жасқа толған жағдайда заңға сәйкес және аудандық білім беру бөлімінің келісімімен оқушыны шығару туралы мектеп үш күндік мерзімде жергілікті білім бөліміне хабарлайды.

 6.4. Басшы құрылтайшының келісімі бойынша баланы мектепке дейінгі шағын орталықтан мына жағдайларда шығарады;

- баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбегенде (10 күннен астам);

 -         бала дәлелді себепсіз және әкімшілікке ескертпей бала-бақшаға бір айдан астам келмегенде;

-         баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болса.

 6.5. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығары туралы шешім қамқорлық  ұйымдарының келісімімен қабылданады.

6.6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықта ата-аналардан немесе оларды алмастыратын адамдардан баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшерін баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды.

 7. Білім үрдісінің негізгі сипаттамалары.

          7.1. Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

      7.2. Білім беру үрдісін ұйымдастыру, оқу жоспары мен мектеп директорымен бекітілген өз бетінше дайындалған бағдарламалар негізінде және білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың оқу жүктемелері денсаулық сақтау орындарының ұсыныстарымен анықталған нормадан аспауы керек.

      7.3. Жекелеген пәндерді (пәндер циклын) оқытуға бөлінген сағат саны мемлекеттік оқу жоспары бойынша анықталған сағат санынан төмен болмауы тиіс.

      7.4. Мектептің білім беру бағдарламасы негізгі және қосымша құрамнан тұрады.

      7.5. Мектептің білім беру үрдісін білім берудің төрт сатылардың жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

      І-саты: мектепке дейінгі шағын орталықта толық келген күнімен, мектепке дейінгі білім-нормативті игеру мерзімі – 1-3 жыл (3-5 жас)

     ІІ-саты: (мектеп алды) нормативті игеру мерзімі 1 жыл (5-6 жас), бастауыш жалпы білім-нормативті игеру мерзімі 4 жыл (1-4 сыныптар)

    ІІІ-саты: жалпы негізгі білім, нормативті игеру мерзімі 5 жыл (5-9 сыныптар)

    ІV-саты: Жалпы орта толық  білім нормативті игеру мерзімі 2 жыл (10-11 сыныптар)

   Оқушылар мен ата-аналардың сұрауына қарай мүмкіндік болса, мектеп әртүрлі бағыт    бойынша, соның ішінде бастауыш кәсіптік бағыт бойынша оқытуды енгізе алады.

-         Қосымша білім бағдарламалары нормативті оқыту мерзімі жүзеге асырылуына байланысты белгіленеді.

-         Мектепке дейінгі шағын орталықтарды білім алу процесі мектепке дейінгі білім мен тәрбие туралы мемлекетттік жалпы міндетті стандарттың талаптарына сай келетін бағдарламалар мен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

   7.6. Оқушылардың сабақ режимі.

    7.6.1. Оқу жылы бірінші қыркүйектен басталады.

   7.6.2. Оқу жылының, оқу тоқсанының ұзақтығы, демалыс күндерін өткізу және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауына сәйкес белгіленеді.

   7.6.3. Мектеп алты күндік оқу аптасы бойынша жұмыс істейді.Сабақтардың ұзақтығы -45 минут, сынып оқушылары үшін мектеп кеңесінің шешімі бойынша бес күндік жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.

    7.6.4. Оқу жылының ұзақтығы отыз төрт аптадан кем белгіленбейді. 1-сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыс белгіленеді.

7.6.5. мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істеу тәртібі және балалардың оған келу уақытының ұзақтығы ішкі тәртіп ережесімен айқындалады.

7.6.6. Сабақ тәртібі, сабақтардың ұзақтығы мен олардың арасындағы үзіліс Директор бекіткен сабақ кестесі мен күн режимін белгіленеді.

7.7. Оқушыларды қорытынды аттестациялау.

7.7.1. Қазақстан Республикасының мектеп түлектерінің қорытынды аттестациялау туралы Ережесіне сәйкес мектептегі жалпы негізгі және орта (толық) білімінің жалпы білім бағдарламаларын игеру міндетті қорытынды аттестациямен аяқталады. Аттестациядан жақсы өткен түлектерге мектеп мөрімен расталған аттестаттар, өтпегендерге тыңдаған курстары туралы анықтама беріледі.

7.8. Оқушыларды келесі сыныптарға көшіру ережесі.

       Оқу жылының бағдарламасын жақсы игерген, көшу немесе қорытынды емтихандарды сәтті тапсырған оқушылар келесі сыныпқа мектептің педагогикалық кеңесінің ұсынуы бойынша директордың бұйрығымен көшіріледі.

7.8.1. Оқушыны көшіру кез-келген жағдайда мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

7.8.2. Ағымдағы деңгейдің жалпы білім бағдарламасын игермеген оқушылар жалпы білімнің келесі сатысындағы оқуға жіберілмейді.

 8. Мектеп және мектепке дейінгі шағын орталық қаржылық және шаруашылық қызметінің құрылымы.

 8.1. Тіркелген уақыттан бастап мектеп Жарғысы, атауы бар мөрі, банкіде бюджеттік және басқа да есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады.

8.2. Мектеп қызметін өзара келісім шартқа байланысты құрылтайшы қаржыландырады.

8.3. Мектептің мүлкін қалыптастырудың және қаржы ресурстардың көзі мыналар болып табылады:

- бюджеттік қаржылар;

- мектепке меншік иесі немесе оның өкілетті ұйымымен берілген мүлік;

- заңға сәйкес басқа қаржы көздері.

8.4. Жер учаскесі мектепке мерзімсіз тегін пайдалануға беріледі.

8.5. Өкілетті орган мен мектепке бекітілген меншік нысандары осы мекеменің оперативті басқаруында болады.

8.6. Мектеп өзіне бекітілген меншіктің сақталуы мен тиімді пайдалануына өкілетті орган алдында жауап береді. Бұл бөлімдегі мектептің қызметін бақылауды өкілетті орган не басқа өкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.

8.7. Мүлікке және басқа меншік нысандарына, оның қызметінің нәтижесі болып табылатын интеллектуалды және шығармашылық еңбегінің жемісінің сонымен бірге мектепті өз қызметінен түскен қаржы мен осы қаржыға алынған меншік нысандарына меншік құқығы бар.

8.8. Мектеп өз міндеттемелері бойынша өз меншігіндегі ақшалай қаржылар мен мүлікпен жауап береді. Мектепте аталған қаржы жетіспеген жағдайда жауапкершілік өкілетті орган заңымен белгіленген тәртіп бойынша жүктеледі.

8.9. Мектеп мүлікті жалға алушы және жалға беруші болуға құқылы. Мектепке берілген меншік нысандарын жалға беру өкілетті орган мен мемлекеттік мүлік жөніндегі Комитеттің келісімімен жүзеге асырылады.

8.10. Мектептің мүлікті жалға беруден түскен қаржысы білім үрдісін қамтамасыз етуге және дамытуға, қызметкерлерді әлеуметтік және материалды қолдауға қолданылады.

8.11. Мектепке өкілетті органмен белгіленген және оның меншігі болып табылатын қаржы мен материалдық заттар мектепке Жарғыға сәйкес пайдаланылады және егер Қазақстан Республикасының Заңдарымен басқа қаралмаса алынуға жатпайды.

8.12. Мектептің материалды-техникалық базасының дамуы оған бекітілген бюджет және өз қаржысы шегінде өз бетінде жүзеге асырылады.

 8.13. Ақшалай қаржының жұмсалуы бекітілген сметаға сәйкес жүргізіледі.

8.14. Мектепке дейінгі шағын орталық пен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі шағын орталыққа қабылдаған кезде жасалатын Шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі шағын орталыққа беру режимі, тамақтану саны, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және мерзімі, мектепке дейінгі шағын орталықта баланы ұстау ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.

 9. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландырудың тәртібі.

 9.1. Мекеменің еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органы белгілейді.

9.1.1. Штат кестесін, еңбек ақы төлеу нысандарын, лауазымдық жалақы мөлшерін, сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде заңдарға сәйкес анықтайды.

9.1.2. Мекеме басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) есепшінің лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін мемлекеттік басқару органы белгілейді.

9.2. Мекеме алғашқы есепті ұйымдастырады, жедел бухгалтерлік есепті, статистикалық есепті, бухгалтерлік және статистикалық есеп берулерді жүргізеді, олардың дәлділігін және тиісті органдарға тапсырылуын қамтамасыз етеді.

9.3. Жұмыс және демалыс уақытының, еңбек демалысының ұзақтығы қолданыстағы еңбек заңдылықтарына сәйкес анықталады және мекеме жұмысшыларымен жасалатын жеке еңбек шарттарында түзетілуі мүмкін.

9.4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

9.5. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және мемлекеттік меншікке жатады.

9.6. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

9.7. Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

9.8. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

9.9. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.

 10.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

   «№152 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі»

              мемлекеттік мекеменің директоры:                                      Х. Әлтай

 

 

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы, Мемлекеттік мекеме № 152 қазақ орта мектебі
Бабабек Есенов көшесі №26. тел: 8(724)-32-22-215. E-mail: mektep-152@mail.ru

Используются технологии uCoz