№152 қазақ орта мектебінің тарихы

 152 қазақ орта мектебі 1883 жылы екі кластық бұратана халықтар балаларын оқытатын түземдік мектеп болып ашылды.
1914 жылы Бабабек Есеновтың(академик Шахмардан Есеновтың әкесінің ағасы) басшылығымен бастауыш мектеп болып құрылды.
1937 жылы тамыздың 20-сы күні Оңтүстік Қазақстан облысы,Жаңақорған ауданына қарасты Жөлек жеті жылдық орталау мектебі құрылды.
1938 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Қызылорда облысы,Шиелі ауданына қарады.
Алғашқы оқу жылында мектебіміз Жөлек,Ащықұдық,Талаптан,Ортақшыл,Жуантөбе,Ақтоған,Қызылдихан елді мекендерін қамтыды. Мектеп жанында интернат болған жоқ.Алғашқы оқу жылында 480 оқушы оқыды.Мектептің алғашқы  директоры Әбілов Нұрмахан болды.
1943 жылы соғысқа аттанғанғадейін оқу ісін Қалышев Әләйдар басқарды.
1938 жылы Әбілов Нұмахан Обло ОНО апаратына ауысады. Сол жылдан бастап Шевченко Павел Иванович директор болады.
1938 жылдан Талаптан мен Ортақшылда мектеп ашылып, оқушылар контингенті азаяды.
1939 жылы «Жалпыға бірдей міндетті әскерге алыну заңы» шығып,мектебіміздің 5 мұғалімі алынды.
1940-41 жылдың оқу жылында Жөлек мектебі облыс бойынша 1 орынға көтерілді.Содан Республикалық мектептер көрмесіне жолдама алды.
Бірақ ол көрменің өтуіне соғыс кедергі болды.Соғыс аяқталғаннан кейін мектеп үйінің жаңа құрлысы басталды.
1953 жылдан 8 жылдық,1968 жылдан орта мектепке айналды.
1950-52 жылы Дигай,1952-53 ж Т.Сәрсенбаев,1953-69 ж Кузнецов,1969-86 ж М.Рүстемов,1987-97 ж Ө.Исаханов сынды ұстаздар мектепке басшылық жасады.
Жаңа мектеп үйі 1976 жылы желтоқсан айында берілді.
1997 жылдан мектепке Х.Әлтай басшылық жасайды.
Қазір мектепте 56 мұғалім ұстаздық етеді.

 

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы, Мемлекеттік мекеме № 152 қазақ орта мектебі
Бабабек Есенов көшесі №26. тел: 8(724)-32-22-215. E-mail: mektep-152@mail.ru

Используются технологии uCoz